Intelsoft Kazakstan LTD - Internet Service Provider Q.net - Trade Mark of Intelsoft Kazakstan LTD
Қаз Рус   



   компания
  • Жаңалықтар
  • Компания туралы
  • Нормативтік құжаттар
  • Байланысу
  • Пікірлер, ұсыныстар
  •    100 Мбит/с интернет
       қолдау

    Біз басқашамыз

    Бізді басқа операторлардан ымырасыз айыратын үш нәрсе:
    • біз әрбір тұтынушыға талшықтыоптика жеткіземіз;
    • біздің ең төменгі қосылу жылдамдығымыз - 100 Мбит/с;
    • біз абоненттік төлемді және "unlimited" тарифтерін қолданбаймыз;

    Осының бәрі неге керек? Тұтынушыға не береді? Келіңіз, осыны бірге анықтайық.

    Жұмысымызда негізінен сапаға мән береміз. Берілетін қызметтің сапасы үздіксіздігімен және жылдамдығымен анықталады. Ал жылдамдық сигнал таралымының физикалық ортасымен анықталады. Талшықтыоптикадан артық сигнал тарайтын орта бар деп кім айта алады? Өндірістік технологиялар дамуының осы кезеңінде бұдан артық жоғарыжылдамдықты орта жоқ. Ешқандай мыс, телефондық жұп немесе радиоканал жылдамдығы бойынша және бөгеттен қорғанушылығы жағынан талшықтыоптикамен салыстыруға келмейді. Сондықтан да біз талшықтыоптиканы таңдадық.

    Сол себепті біз 100 Мбит/с кем емес жылдамдықта интернетке қосылуға мүмкіндік береміз. Бұл әдеттегі 256 Кбит/с жылдамдығынан 400 есе көп. Тұтынушыға ұсына алатын жылдамдығымыз осы, және де онымен біздің магистральді каналдарымызды шамадан тыс толтыру мүмкін емес. Осы уақытта біздің желіміз жалпы 42 Гбит/с өткізу қабілеттігіне ие және ұдайы кеңейуде.

    Біз мақсатымыздың тұтынушы мақсатымен қайшы келмей, сай келуі үшін "unlimited" тарифтерін қолданбаймыз.

    Осыған бір түсініктеме берейік. Қызмет көрсетуші - табысының жоғары болғанына, ал қызмет тұтынушысы сол ақшаға - сапасы жоғарырақ қызмет көрсетілгеніне мүдделі екені, жалпыға мәлім.

    Оператордың "unlimited" тарифтерін қолданғанда не болатынын байқап көрейік. Айталық, оператордың сыртқы каналы 4 Мбит/с және ол каналды 256 Кбит/с-тан кесіп сатқысы келді делік. Ондай каналдардың саны 16. Ал 20 каналға кескенде не болады? Аздап сапаның нашарлағаны байқалады. Ал оператордың табысы 25%-ға артады. Ары қарай, 32 каналға кескенде не болады? Қарбалас уақытта сапасы нашарлайды, ал басқа уақытта жарамды сапа. Табыс көлемі 100%-дан жоғары. Ары қарай ... Табысты ұлғайтуда шек бар ма? Ия бар, маңыздысы тек сапаның анағұрлым нашарлауынан тұтынушылар қашып кетпесе болғаны. Оператор мен тұтынушы арасындағы антогонизм айдан анық. Сіз осыған ұқсас мәселелерге кез болып па едіңіз, есіңізге түсіріп көріңізші?

    Біз мұндай тарифтерден бас тарттық. Біз байланыс кідірісі кезінде ақшадан ұтыламыз. Біз сыртқы және магистральді каналдар шамадан тыс толып кеткен кездерде аз ақша табамыз. Сол себепті де біз іркіліс ықтималдығын мейлінше шектеуге мәжбүрміз. Біз өз каналдарымыз ұдайы ұлғайтуға мәжбүрміз. Біз сапаны жақсартуға мүдделіміз, себебі біздің табысымыз осыған тікелей тәуелді. Біздің Сізбен мақсаттарымыз қайшы келмейді, сай келеді.

    Біз Сіздің тарабыңыздамыз! Келіңіз, ортақ мақсатқа бірге ұмтылайық!!!






       © 2001-2012 Intelsoft Kazakstan Ltd. Құқықтық Ақпарат