
|
|

|
|
Бізде неге тиімді
|
- Жылдамдық. Компания қалыптасып жатқан кездің өзінде жоғары жылдамдықты
қызмет көрсетуді алдымызға мақсат етіп қойған едік. Жылдар өте дамып біз мақсатымызға жеттік.
Оған осы жерден көз жеткізуіңізді ұсынамыз.
- Сенімділік. Біздің желіміз FTTB (fiber-to-the-building - ғимаратқа талшықтыоптика)
және FTTH (fiber-to-the-home - тұтынушыға дейін талшықтыоптика) архитектураларын қолданады. Қазақстанда бірінші болып
Metro-Ethernet технологиясы бойынша жоғары сапалы құрылғылардан жасақталған желі құрдық. Әрбір ғимаратқа
екіден кем емес канал енгізіледі. Магистарльді каналдар сақина құрып байланысқан. Бұл әдіс желіге зақым тиген
уақытта желінің жұмыс істеу қабілетін сақтауға септігін тигізеді.
- Абоненттік төлем жоқ.
Бұл әділлетті. Қандай да бір себептермен қызметті қолдана алмай қалған жағдайда неге төлеуіміз керек?
Мысалы, демалыстар маусымында немесе қаржылық қиындықтар туындаған уақыттарда Сіз өз шығындарыңызды
толығымен шектеуіңізге болады, тіптен жоқ етсеңіз де болады.
- Бізде желі ішілік трафик - тегін.
Сәйкесінше, Сіздің филиалдарыңыз бен бөлімшелеріңіздің арасындағы трафик те тегін,
сонымен қатар теледидар, бейнеконференция, бейнебақылаудан туындаған трафиктер де тегін.
- Трафик талдауы.
Бізде трафик туралы жан-жақты, толық ақпаратты сақтауға техникалық мүмкіндіктер бар.
Біз Сізге тек белгілі бір уақыттар аралығындағы трафик көлемі - трафик статистикасын ғана емес,
сонымен қатар IP-адрес бастауы мен пакеттер алушысы, протоколы туралы, TCP және UDP пакеттерінің
порт нөмірлері, пакеттер мен байттар саны туралы да ақпарат алуға болады. Сіз жай ғана мегабайттармен
берілген сандар жиынын емес, өз трафигіңізді толығымен көресіз. Осы қызметіміз арқылы да біз басқалардан
ерекешеленеміз.
- IP-теледидар.
Проект Digital TV компаниясымен бірге қолға алынған. Осы қызметті кескінді бұрмалаусыз, жоғары сапада
ұсынуға кез келген құрылғы мүмкіндік бермейді. Бізге құрылғымыздың қымбат бағалы модернизациясын жасауға
тура келді. Біз желіміздің ішінде IP-теледидары және IP-бейнетелефоны қызметтерін алғысы келетін де,
ұсынғысы келетін де жаңа серіктестерді ынтымақтастыққа шақырамыз.
- Пошталық антивирус.
Бізге қосылғаннан кейін Сіз электронды пошта арқылы келетін вирустардан қауіпсіздікте боласыз,
біздің пошталық сервер оларды дереу анықтап жойып отырады.
|
|
|

|