Intelsoft Kazakstan LTD - Internet Service Provider Q.net - Trade Mark of Intelsoft Kazakstan LTD
Қаз Рус   



   компания
  • Жаңалықтар
  • Компания туралы
  • Нормативтік құжаттар
  • Байланысу
  • Пікірлер, ұсыныстар
  •    100 Мбит/с интернет
       қолдау

    Корпоративтік желі

    Егер Сіздің алдыңызда кеңселерді, филиалдарды, қоймаларды және де басқа объектілерді біріктіру мәселесі тұрған болса, онда Сіз дәл тауып келдіңіз. Біздің ұсынысымыз осы рынокта тиімділердің бірі болып табылады. Және бұл - біздің ең басты маркетингтік артықшылығымыз.

    Біріктіру үшін Сізден көрсетілген объектілерді қосуға өтінім беру талап етіледі. Сонымен қатар, біз Сізге жылдамдығы 100 Мбит/с болатын қосымша порттар береміз. Біздің тарифтерімізге сәйкес мұндай жылдамдықтағы Сіздің объектілеріңіздің арасындағы трафик алмасу мүлде тегін. Сіздің тек қана төлейтініңіз - қосымша портты жалдау ақысы - айына 2000 тг.

    Біріктіру OSI моделінің 3-ші дейгейінде (IP деңгейінде) іске асады. Бұл қолданыстағы көптеген бағдарламаларға жеткілікті. Мысалы:

    • Бірыңғай бухгалтерлік есепті орталық кеңседегі бір серверде ұйымдастырып, оған филиалдар terminal server қызметі арқылы байланыса алады. Шифрлеуге және байланыс қауіпсіздігіне аталмыш қызметтің өзі жауап береді.

    • Proxy server арқылы Интернетке бір жерден шығатын етіп жасауға болады. Ол үшін біз Сіздің өтінішіңіз бойынша филиалдардың орталық кеңседен бөлек трафиктерін оқшаулап қоя аламыз. Пошталық мәлімдемелер мен intranet қызметтеріне сенімді болу үшін SSL-байланыстарын қолдану қажет.

    • IP деңгейіндегі бірыңғай телефония мен бейнеконференция кез келген IP-PBX шешімдерінде қолға алынған, атап айтқанда Linux Asterisk, Cisco Callmanager және т.б.

    Егерде OSI моделінің 2-ші дейгейінде біріктіру керек болса, онда күшті шифрлеудің өзінде өткізу қабілеті жылдамдығы 76 Мбит/с болатын RouterMaster Linux негізінде VPDN шешімін ұсына аламыз. Бұдан бөлек Сіз кез келген VPDN шешімін қолдана аласыз.

    Бізде жоғарыквалификациялы мамандар қызмет етеді және біз әрқашан Сіздің біріктіру және орталықтандыру мәселелеріңізді тиімді шешуге көмектесе аламыз.






       © 2001-2012 Intelsoft Kazakstan Ltd. Құқықтық Ақпарат