|
Назар аударыңыз !!!
Қосылу тек Алматы қаласында ғана жүзеге асырылады!
Біздің компанияның қалада тармақталған желісі бар. Ғимараттар тек оптика бойынша ғана қосылады.
Бізде радиоканал немесе мыс бойынша қосулар жүргізілмейді. Осы біздің көрсететін қызметіміздің
жоғары сапалылығының кепілі болып табылады. Сол себепті де бізде қосылу бағасы төмен бола алмайды.
Қосылу бағасы туралы толығырақ ақпаратты Сіз тарифтер
тарауынан таба аласыз.
Интернет келісім шартының қалыпты формасымен мына сілтеме
бойынша таныса аласыз.
Қосылу келісім шартқа қол қойылып, қосылу ақысы төленген жағдай да ғана жүзеге асырылады.
Келісім шарт жасасу үшін қажетті құжаттар:
- Заңды тұлғаларға
- Келісім шарт дайындауға арналған толтырылған өтінім
- Мемлекеттік тіркеу куәлігі
- Салық төлеушісі куәлігі (РНН)
- ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлік (бар болған жағдайда)
- Жеке кәсіпкерлерге
- Келісім шарт дайындауға арналған толтырылған өтінім
- Жеке куәлік
- Мемлекеттік тіркеу куәлігі
- Салық төлеушісі куәлігі (РНН)
- ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлік (бар болған жағдайда)
- Жеке тұлғаларға
- Келісім шарт дайындауға арналған толтырылған өтінім
- Жеке куәлік
- Салық төлеушісі куәлігі (РНН)
Қосылу мерзімі Сіздің орналасқан орныңызға байланысты.
Егер Сіздің қосқыңыз келген ғимарат, желінің қамту аймағында орналасқан болса,
не болмаса оптикалық кабель Абоненттің өз күшімен тартылған жағдайда, онда қосылу мерзімі қосылу ақысы
төленгеннен бастап шамамен 7 күнді құрайды.
Егер Сіздің қосқыңыз келген ғимарат, желінің қамту аймағынан тыс орналасып,
және де кабельдік канализация енген болса, онда онда қосылу мерзімі қосылу ақысы
төленгеннен бастап шамамен 2 ай.
Егер Сіздің қосқыңыз келген ғимарат, желінің қамту аймағынан тыс орналасып,
бірақ кабельдік канализация енбеген болса, онда қосылу мерзімі жерде жасалатын жұмыс
түрлеріне байланысты 4 айдан аса уақытты алады.
|