Intelsoft Kazakstan LTD - Internet Service Provider Q.net - Trade Mark of Intelsoft Kazakstan LTD
Қаз Рус   



   компания
  • Жаңалықтар
  • Компания туралы
  • Нормативтік құжаттар
  • Байланысу
  • Пікірлер, ұсыныстар
  •    100 Мбит/с интернет
       қолдау

    IP-теледидар

    Біздің тарифтік саясаттың бірегей ерекшелігі IP-теледидар секілді қызметке сұраныс тудыра алады. "Қарапайым" провайдерден осы қызметті қолданғанда не боларын елестетіп көріңіз. Трафикке қойылған шоттың көлемі Сізді "жаман жағынан таң қалдырар" еді. Бір жарым сағат ішінде көрген фильм шамамен 16 гигабайт трафик жаратқан болар еді. Бізде ол трафикке төлемейсіз. Телеақпарат тарату сыртқы байланыс каналдары арқылы трафик жасамайды, сол себепті Intelsoft Kazakstan компания тұтынушылары мен пиринг-серіктестері таратылып жатқан телеарналардың трафигін есеп алмастан көру мүмкіндіктері бар.

    IP-Multicast технологиясының базасына негізделген "Intelsoft желісіндегі IP-теледидар" проектісін жүзеге асырдық. Біздің компанияның ең озық Metro Ethernet технологиясы бойынша құрылған өзінің қалалық IP-желісінің базасында IP-таратылым ортасын ұсынуға техникалық мүмкіндігі бар. Ол ортаны біздің кез келген тұтынушы мен серіктеске ұсынуға мүмкіндігіміз бар.

    Жоғарыда айтылғандарды шеңберінде, біздің серіктесіміз - Digital TV компаниясы, Intelsoft Kazakstan желісінде IP-таратылымын бастады.

    Бұдан бөлек, біздің компанияның IPTV-хостинг ұсынуға техникалық мүмкіндігі бар. Хостинг екі түрлі, multicast және media-on-demand, тәртіптерінде жүзеге асырыла алады. Техникалық түрде бұны Apple Macintosh-тың QTSS серверлері базасында іске асыруға болады. IP-телетаратылымы лицензиясына ие кез келген біздің тұтынушы мен серіктес қолданыстағы заң шеңберінде өздерінің бағдарламаларын немесе бейне жинақтарын тарату үшін біздің серверде орналастыруларына болады.

    Біздің компанияның телефонына қоңырау шалып осы туралы егжей-тегжейлі мағлұмат ала аласыздар.

    IP-теледидарды қалай қабылдаймыз

    Ең алдымен атап өткіміз келгені, бұл каналды Cisco магистральді құрылғысына тікелей қосылған тұтынушылар мен мультикаст-трафигінің өткізілуі қамтамасыз етілген желілерге қосылған тұтынушылар ғана қабылдай алады, яғни Сіз Intelsoft желісіне "тікелей" қосылған болсаңыз, онда Сіз ештемеден қам жемесеңіз болады. Егер Сіз жергілікті (локальды) желіңізді Intelsoft желісіне қосу үшін өз серверіңізді немесе рутеріңізді қолданған болсаңыз, онда Сізге сіздің серверіңіз арқылы multicast трафигінің өтуін қамтамасыз ету керек.

    Сіздің компьютеріңіздің IP-теледидарды қабылдау мүмкіндігін тексеру үшін келесі тесттен өтіп көріңіз.

    Ақылы телеарналарды қабылдау үшін Сізге Digital TV компаниясымен IPTV қызметтеріне келісім шарт жасасуыңыз қажет. Шарт жасасу үшін Сізге +7-327-2959235 телефоны арқылы Амирханов Асқармен немесе Меншуков Камалмен хабарласуыңыз керек.

    Қол жетімді арналардың тізімі

    Тегін арналар

    • Fashion TV (udp://@224.1.1.44:2000)

    Ақылы арналар
    Орыс тілінде

    • RBK
    • Inter+
    • Style
    • Первый музыкальный канал
    • Discovery Civilisation
    • Discovery Science
    • Discovery Travel
    • Extreme Sport Channel
    • Eurosport
    • Спорт Планета
    • Drive
    • Reality TV
    • Телеклуб
    • Детский мир
    • Русский Иллюзион
    • Ностальгия
    • Охота-Рыбалка
    • Здоровое ТВ
    • Наше кино
    • TV 1000
    Европа тілдерінде:
    • BBC World
    • EuroNews
    • TV5 Europe
    • TRT
    • Fashion TV
    • Deutsche Welle
    • Cartoon Network
    • TCM
    • Mezzo
    • MCM
    • VH1-Europe
    • MTV Europe
    • HCT
    Азия тілдерінде:
    • CCTV9
    • CCTV4
    • Arirang

    Бағдарламалық қамсыздардыру

    IP-теледидарды көру үшін бейнедеректерді жоғарыда көрсетілген техникалық параметрлерге сай қабылдау жасай алатын бағдарламаны орнату қажет. Мысалы, VLC Player секілді бағдарлама: Бағдарламалық қамсыздандыруды орнатып болғаннан кейін арналарды көру үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз:

    Арналарды реттеу

    1. VLC бағдарламасын қосыңыз



    2. Басты терезеде Вид -> Список воспроизведения(Ctrl-P) мәзірін ашыңыз



    3. "Список воспроизведения" терезесінде Управление -> Service Discovery -> SAP Announcements мәзірін ашыңыз



    4. SAP арналарының тізімін тұрақты түрде көрініп тұруын қамтамасыз еткіңіз келсе, басты терезеден Настройки -> Настройки...(Ctrl+S) мәзірін ашыңыз.
      Енді, Playlist бөліміне өтіңіз, одан Services Discovery-ді ашыңыз, ол жерде SAP Announcements тұсына белгі қойып Сохранить түймесін басып сақтаңыз.

    5. IPv6 протоколында арналар тізімін алу мүмкіндігін алып тастаған абзал, себебі бұл қосу кезінде кідіріс (1-минут шамасында) туғызады. Ол үшін басты терезеден Настройки -> Настройки...(Ctrl+S) мәзірін ашыңыз.
      Сол жақ төменгі бұрыштан кеңейтілген реттеуді қосыңыз, содан кейін Playlist -> Services Discovery бөліміне өтіп, SAP бөлімшесін таңдаңыз да, ол жерден IPv6-SAP тұсындағы белгіні алып тастап, "Сохранить" түймесін басып сақтаңыз.

    6. Арналар тізімі жүктеліп біткенге дейін күте тұрыңыз, оны ашыңыз және керек арнаны таңдаңыз



    7. Егер жоғарыдан көрсетілген нұсқауларды орындағаннан кейін Сіздің компьютеріңізде IP-теледидар жұмыс жасамаса, онда Сіздің компьютеріңізді осы қызметті қабылдау мүмкіндігінің бас жоқтығын тексеру үшін мына тесттен және Windows ОЖ брандмауэрін (firewall) реттеу нұсқаулығынан өтіп көріңіз.
    8. Егер сіз Linux ОЖ базасындағы роутерді қолданған болсаңыз, онда ол жерде IP-теледидарды ретке келтірудің нұсқаулығымен танысыңыз.
    Назар аударыңыз!!! Управление -> Service Discovery -> Shoutcast radio listings бөлімі арқылы жүктелетін радиостанциялар тізімі тегін IP-теледидар пакетіне кірмейді. Ол VLC-плеердің өзінің реттеу мүмкіндіктеріне ғана қатысты, және ол арқылы радио тыңдағандағы пайда болған трафик ортақ негізде төленеді. Ол бөлімді қатты қажеттілік тумаса, қоспаңыз.





       © 2001-2012 Intelsoft Kazakstan Ltd. Құқықтық Ақпарат