Intelsoft Kazakstan LTD - Internet Service Provider Q.net - Trade Mark of Intelsoft Kazakstan LTD
Қаз Рус   



   компания
  • Жаңалықтар
  • Компания туралы
  • Нормативтік құжаттар
  • Байланысу
  • Пікірлер, ұсыныстар
  •    100 Мбит/с интернет
       қолдау

    Сұрақ-жауаптар


    1. Сіздерде трафик неге қымбат?
    2. Трафик шегіне жеткеннен кейін жылдамдықты шектейсіздер ме?
    3. Лимитсіз тарифтер ұсынасыздар ма?
    4. Телефония қызметтерін ұсынасыздар ма?
    5. Біздің кеңсеміздің сіздің желіден қаншалықты ұзақта екенін қалай білуге болады?
    6. Интернет желісінде өткізген уақытқа ақы төлеймін бе?
    7. Қалайша сіздерде жылдамдық өздеріңіздің қызметін алып жатқан операторлардың жылдамдығынан көп болуы мүмкін?


    1-сұрақ: Сіздерде трафик неге қымбат?

    Жауап: Расында да, егер сапасы мен технологиясы жағынан да ең сәйкес келетін, бағасы ҚҚС-сыз бір мегабайтқа 0.10 теңге (40 гигабайтқа 4600 теңге) болатын, "Қазақтелеком" АҚ-ның iD Net Motor тарифтік жоспарын салыстыратын болсақ, біздің бағалар олардан 5.5 есе асып түседі. Бұлай болу себебі, біз трафикті магистральді операторлардан анағұрлым жоғары бағамен сатып аламыз. "Қазақтелеком" АҚ-ның өзінде операторларға берген бағасы жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға берген бағасынан бірнеше есе көп. Сенсеңіз, біз ең төменгі маржамен жұмыс жасаудамыз және мүмкіндік тууына қарай өз бағаларымызды төмендетудеміз. Біздің мақсатымыз баға паритетіне қол жеткізу және біз де мегабайтына 0.10 теңгеден сату үшін қолдан келген бар мүмкіндікті жасаймыз.



    2-сұрақ: Трафик шегіне жеткеннен кейін жылдамдықты шектейсіздер ме?

    Жауап: Бізде абонентті трафикті шегінен асырғандығы үшін ешқандай шара қарастырылмаған. Кейбір операторлар өздігінен қайсыбір іс-әрекеттерді ереже бұзушылық деп анықтап, өздері оларға қарсы түрлі санкция қолданады. Мысалы, бір оператор түсіру шегін 15 гигабайттан асырғанды ереже бұзғандық деп анықтап, сол үшін интернетке қол жеткізу жылдамдығын едәуір азайту түрінде жазаға тартады. Басқа жағдайда 20 гигабайттық шектен асқандығы үшін шектен аспағандағы тарифтен 13 есе артық жаза тарифін енгізеді. Абоненттер өздерімен осындай қатынасты жағдайының шарасыздығынан, альтернативаның жоқтығынан, амалсыз төзуге мәжбүр. Операторлар арасындағы бәсекелестіктің дамуымен тұтынушылармен мұндай қатынас өткенге кетеді деп үміттенемін.



    3-сұрақ: Лимитсіз тарифтер ұсынасыздар ма?

    Жауап: Лимитсіз тарифтер оператор көз қарасы жағынан ең тиімдісі болып келеді, себебі ол оған қызмет сапасы төмендесе де, тіптен трафик жоқ болған күннің өзінде де пайда табуға мүмкіндік береді. Егер тұтынушы қандайда бір себептерге байланысты қызмет пайдалана алмаса да, ол бәрібір абоненттік төлемді толығымен төлейді. Сонымен қатар, тұтынушының абоненттік төлемді міндетті түрде төлейтініне деген оператордың сенімділігі көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ынталандырмайды. Біз мұндай тарифтерден саналы түрде бас тарттық. Біздің мақсатымыз тек қазіргі уақытта пайда табу ғана емес, абоненттердің болшақта бізге деген адалдығын сақтап қалу. Өзімізді мұндай жағдайға қоя отырып, біз қызмет сапасы төмендеген уақыттарда және техникалық ақаулар барысында пайдамызды жоғалтатындай тәуелкелге барып отырмыз. Қызмет сапасы төмендегенде абонент төлемі азаяды, ал трафик мүлдем тоқтап қалған кезде ешқандай төлем жасалмайды. Сол себепті де біз тұрақты түрде қызмет сапасын арттыру және техникалық ақаулардың пайда болу мүмкіндігін төменду жұмыстарын жүргізуге мәжбүрміз. Трафик бойынша тарифтер абонент үшін мегабайт құны бірдей және арна сыйымдылығы біркелкі кезде тиімдірек.



    4-сұрақ: Телефония қызметтерін ұсынасыздар ма?

    Жауап: Біздің халықаралық, қала аралық немесе жергілікті телефон байланысы қызметтерін ұсынуға лицензиямыз жоқ. Біз мұндай қызметтер көрсетпейміз. Алайда, біздің желі арқылы ондай қызмет түрін ұсына алатын лицензиялы көптеген серіктестеріміз бар. Егер Сізге сондай қызмет түрі қажет болып жатса, онда біз Сізді олармен байланысуға көмектесе аламыз.



    5-сұрақ: Біздің кеңсеміздің сіздің желіден қаншалықты ұзақта екенін қалай білуге болады?

    Жауап: Ол үшін Сізге біздің желінің қамту аймағында орналасқан бизнес-орталықтар тізімінен ең жақынын анықтап, біздің мамандарымызбен +7-727-2324301 телефоны арқылы хабарласу керек.



    6-сұрақ: Интернет желісінде өткізген уақытқа ақы төлеймін бе?

    Жауап: Жоқ, сіз тек қана Интернеттің "сыртқы" желісінен түсірілген ақпарат көлеміне ғана төлейсіз. Интелсофт желісі ішіндегі трафик есептелінбейді. Ақпарат көлемі Байт (byte), Килобайт (Kb), Мегабайт (Mb), Гигабайт (Gb) и т.с.с. өлшемдермен өлшенеді.

    Анықтама үшін: 1 Kb = 1024 bytes, 1 Mb = 1024 Kb, 1 Gb = 1024 Mb.



    7-сұрақ: Қалайша сіздерде жылдамдық өздеріңіздің қызметін алып жатқан операторлардың жылдамдығынан көп болуы мүмкін?

    Жауап: Нақты жылдамдық екі шешуші компоненттен, провайдердің байланыс арнасының сыйымдылығы мен "соңғы миль" жылдамдығынан құралады. Кез келген арнамыздың сыйымдылығы қарбалас уақытта 75%-дан аспайды. Бұл дегенің, біздің негізгі тораптан сыртқы желілерге дейінгі байланыс сапасы жеткізуші-оператордың негізгі торабымен байланысу сапасымен практикалық түрде бірдей екенін білдіреді. Енді, "соңғы миль" сұрағы тоқталсақ. Бізде Metro-Ethernet таза күйінде қолданыста: біздің негізгі тораптан тұтынушыға дейінгі барлық аралықтарда тек Ethernet технологиясы ғана қолданылады, одан өзге ешқандай ADSL және т.б. қолданылмайды. Салыстырып көріңіз, телефон жұбына қарағанда оптика бойынша немесе 5-ші категориялы айналмалы жұп бойынша қаншалықты мол ақпарат қууға болады. Осы айтылғанның бәрінен келіп шығатыны, тұтынушыға телефон жұбының өткізу қабілеті жеткіліксіз болғанда, біздің қызметіміз "соңғы миль" аралас технологияларын қолданатын көптеген провайдерлердің қызметтерінен жылдамдығы бойынша асып түс алады. Әсіресе, бұл жұмыс орындарының өте көп кезінде, жоғарыжылдамдықты қызметтерді (IPTV, VPN және басқалары) қолдану қажеттілігі туғанда байқалады.







       © 2001-2012 Intelsoft Kazakstan Ltd. Құқықтық Ақпарат